Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тынбай жұмыс істеп жатырмыз": көлік министрі ведомствоға айтылған сынға жауап берді

Жарияланған күні:

Министр Марат Қарабаев үкімет отырысында
Министр Марат Қарабаев үкімет отырысында. Фото: primeminister.kz

Көлік министрі Марат Қарабаев үкімет отырысы аясында өткен баспасөз мәслихатында министрліктің жұмысына қатысты сынға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

БАҚ өкілі министрге жаз басталса, пойызға билет табылмайтынын, табыла қалған күннің өзінде кондиционері жоқ, дәретханасы талапқа сай емес екенін айтты. Осы ретте журналист "Жұмыс істеп жатырсыз ба, министр мырза?" деп сұрады.

"Біріншіден, тынбай жұмыс істеп жатырмыз. Бұл сұраққа бірнеше рет жауап бергенмін. Бұл вагондар 25 жыл бұрын пайдалануға берілген. Сондықтан оларда кондиционер жоқ. Өкінішке қарай, ҚТЖ-ға 3000-нан астам вагон қажет. Бізде бары 2667. Бұл мәселе осыдан 5-10 жыл бұрын жаңа вагондар сатып алмағандықтан, ушығып тұр. Ол кезде ҚТЖ қаражатының басым бөлігін ірі жобаларға бөлген",- деді ол.

Министр ескі вагондарды қалай жаңартатынын да айтты.

"Біз өз тарапымыздан ескі вагондармен қалай күресіп жатырмыз? Қазір біз жаңа вагондарды көптеп сатып алып жатырмыз. 2017-2018 жылдарда жылына 100 вагон сатып алынатын. Біз былтыр 180 вагон сатып алдық. Биыл 140, келесі жылы 220 вагон пайдалануға беріледі. Біздің есебіміз бойынша 2026 жылы толық жаңа вагондар болады",- деді Қарабаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2141823-tynbai-zhumys-istep-zhatyrmyz-kolik-ministri-vedomstvoga-aitylgan-synga-zhauap-berdi/