Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда суық қару қолданып төбелескендер видеоға түсіп қалды: полиция пікір білдірді

Жарияланған күні:

Төбелес. Фото
Төбелес. Фото: t.me/kozachkow

Алматы қалалық полиция департаменті қару қолданып бұзақылық жасады деген күдікке ілінген ер адамның үйқамаққа алынғанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Telegram-дағы "Kozachkov offside" арнасында видео жарияланды. Кадрда адамдардың төбелескенін көруге болады. Пост авторының айтуынша, төбелес Алматыда болған, ал видеода зардап шеккен адам мемлекеттік жер инспекторы болып жұмыс істейді.

"Бұған дейін ол заңсыз орнатылған дүңгіршекті бұзу туралы шешім қабылдады. Кәсіпкер рұқсаты жоқ бола тұра, өзіне тиесілі емес жерге нысанды орнатқан. Сол себепті инспектор оны бұзуға бұйрық берді.

Алайда кәсіпкердің ойына Жер ресурстарын басқару департаментіне келіп, инспекторды жекпе жекке шақырудан басқа шешім келмеген. Оған қоса ол өзімен бірге пышақ алған. Қазір полиция қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық туралы істі тергеп жатыр. Дүңгіршік иесі ұсталды", - делінген видеоның сипаттамасында.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға қатысты пікір білдірді.

"Қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық қару тәркіленді. Басқа да мән-жайлар анықталуда", - деді полиция департаменті өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2141835-almatyda-suyq-qaru-qoldanyp-tobeleskender-videoga-tusip-qaldy-politsiia-pikir-bildirdi/