Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экология министрі 270 млн теңге жымқырды деп айыпталған Ағабековтің үстінен шағымды өзі түсіргенін айтты

Жарияланған күні:

Қылмыстық іс бойынша құжаттар
Қылмыстық іс бойынша құжаттар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Халықаралық жасыл технологиялар басшысы болған Олжас Ағабековтің ісі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Министр істе шикілік барын байқап, тексеруші органдарға шағымданғанын мәлімдеді.

"Былтыр мен министр болып келгенде көрмеге дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр екен. Соған байланысты 300 млн теңгедей ақша бөлініпті. Бірақ ол демеушілердің қаржысы. Жұмысының нәтижесін өзім Дубайға барып көргеннен кейін кері қайтқан соң тексеру жөніндегі тиісті органдарға шағым түсірдім.

Себебі маман болмасам да бірден көзге көрініп, белгілі болды – көрме бөлінген қаражатқа сай емес болды. Келе салысымен арыз жазылғанның нәтижесінде бүгінгі таңда иелеріне қаражат қайтарылды. Жұмсалған қаражат қана қалды", - деді Нысанбаев.

Айта кетейік, Олжас Ағабеков осы жылдың ақпан айында Біріккен Араб Әмірлігінде өтетін көрмеге бөлінген 270 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілініп, ұсталған еді. Бұл қаражат Дубайда өтетін халықаралық көрмедегі қазақстандық павильонға бөлінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2141844-ekologiia-ministri-270-mln-tengge-zhymqyrdy-dep-aiyptalgan-agabekovting-ustinen-shagymdy-ozi-tusirgenin-aitty/