Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысындағы ауруханада науқастарға мерзімі өтіп кеткен анестезия препараттары салынған

Жарияланған күні:

Дәрігер жұмыс кезінде
Дәрігер. Көрнекі фото: pixabay.com

Абай облысы Мақаншы ауданының ауруханасында науқастарға мерзімі өтіп кеткен анестезия препараттары салынған. 12 медициналық қызметкер жазаланды, деп хабарлайды қадағалаушы органға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Облыстық прокуратура мәліметінше, Мақаншы ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау мекемесін тексеру барысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша көптеген заңбұзушылықты анықтады.

"Тексеру барысында дәрі-дәрмектің дұрыс сақталмауы, есірткі заттары бар ампулалардың уақтылы жойылмауы және дәрі-дәрмектердің дұрыс тағайындалмауы анықталды.

Сонымен қатар ота жасау кезінде науқастарға мерзімі өтіп кеткен "Кетам" анестезия (наркоз) препараттарын қолдану фактілері болған", - делінген хабарламада.

Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде медициналық мекеменің 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылды.

Соынмен қатар 12 тұлғаға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 426-бабы (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) бойынша 1,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2141871-abai-oblysyndagy-auruhanada-nauqastarga-merzimi-otip-ketken-anesteziia-preparattary-salyngan/