Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ерекше сый": қазақстандық суретші Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтың суретін қағаздан қиып салды (видео)

Жарияланған күні:

Елдос Сметовтың суреті
Елдос Сметовтың суреті. Видеодан кадр: instagram.com/assolyaa

Қазақстандық суретші Әсел Сабыржанқызы қағаз бен қайшы ғана қолданып Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтың суретін қиып салды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ шебердің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видео суретші Әсел Сабыржанқызының жеке парақшасында жарияланды. Кадрлардан байқағанымыздай, тек қағаз бен қайшы қолданып, Елдостың медальмен түскен суретін айнытпай қиып шыққан.

"Қазақстанға Парижден алғашқы алтын әкелген Елдос Сметовты құттықтаймын! Дзюдо, бұл – ең күрделі спорт түрлерінің бірі, оған 198 ұлттық федерация кіреді, бірақ біздің чемпионның арқасында қазір барлығы тек Қазақстан туралы айтып жатыр.

Барлық спортшыларға зор денсаулық пен сәттілік тілеймін! Елдос жол ашып, барлығына үлгі болды. Мұндай нәтиже үшін қаншама еңбек пен қаншама тер төгілді. Алға, Қазақстан!", - деп жазды суретші.

Желі қолданушылары сурет шеберінің бұл туындысын өте жоғары бағалаған. Пікір білдірушілердің барлығы екеуін де талант иесі деп, тек жақсы тілек жазған.

"Алтын қыз, алтын қолыңнан айналдым Керемет, сіздің өнеріңізге тамсанамыз! Осындай талантты Құдай бере салады екен ғой", Не деген өнер, талант бұл, Елдос чемпионымызға ерекше сый деп ойлаймын! "Жарайсың, өнеріңіз өрге жүзе берсін", "Сіздер сияқты өнерлі жастарымыз елімізді әлемге паш етіп, таныта берсін", - деп ізгі ниеттерін білдірген желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2142046-erekshe-syi-qazaqstandyq-suretshi-olimpiada-chempiony-eldos-smetovtyng-suretin-qagazdan-qiyp-saldy-video/