Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мемлекеттік инспекторға шабуыл жасалды: жәбірленушінің жағдайы белгілі болды

Жарияланған күні:

пышақ
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы қаласы жер ресурстарын басқару департаментінің мемлекеттік инспекторына шабуыл жасалды. Ауылшарушылығы министрлігі баспасөз қызметі өкілдері жәбірленушінің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство Жер ресурстарын басқару департаментінің мемлекеттік инспекторына жасалған шабуылдың мән-жайын мәлімдеді.

Маусым айында департаментке келіп түскен өтініш негізінде кәсіпкерге қатысты Жер заңнамасының сақталуына тексеру жұмыстары басталған.

"Тексеру барысында кәсіпкер А. құжаттарсыз учаскеде сауда павильонын орнатып, жалпы ауданы 0,0012 га мемлекеттік меншік жерін өз бетінше иеленгені анықталды.

Тексеру нәтижелері негізінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 136-бабы бойынша шаралар қабылданды және 21 маусымда осы павильонды бір айлық орындау мерзімімен бұзу туралы нұсқама берілген болатын," - делінген министрлік мәлімдемесінде.

Бұйрықты орындаудан бас тартқан кәсіпкер департамент инспекторына пышақпен шабуыл жасаған.

"Қазіргі таңда қызметкер медициналық мекемеге жатқызылды. Жәбірленушіде пышақ жарақаттары жоқ, мұрны сынған, көз айналысына зиян келген", - деді ведоство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2142093-almatyda-kasipker-memlekettik-inspektorga-pyshaqpen-tap-bergen-zhabirlenushining-zhagdaiy-belgili-boldy/