Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖД Алматы тауларында сел жүруі мүмкін екенін ескертті

Жарияланған күні:

Таудағы жаңбыр
Таудағы жаңбыр. Көрнекі фото: pixabay.com

Алдағы күндері Алматы тұрғындары мен қонақтарына тауға бармауға кеңес берілді. Мамандар Алматы тауларында сел қаупі жоғары екенін ескертті, деп хабарлайды қалалық ТЖД сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қазгидромет РМК ескертуіне сәйкес, 31 шілде мен 1 тамыз аралығында Алматы қаласында және оған іргелес таулы жерлерде кейде қатты жаңбыр жауып, беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін. Сонымен қатар судың жайылуы мен су басу қаупі бар.

Сел қаупіне байланысты тұрғындарға Іле Алатау тауларына бармауға кеңес берілді.

"Қазселденқорғау" бөлімшелері сел қаупі бар учаскелерде бақылаудың жеделдетілген режиміне ауыстырылып, аэровизуалды және жергілікті бақылау жүргізілуде, инженерлік-техникалық қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылған.

Сонымен бірге ТЖД мамандары сел қаупі бар жерде не істеу керегін түсіндірді:

  • ⁠таудағы жағдай туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын үнемі қадағалап отыру қажет;
  • егер қауіп төнсе немесе кенеттен сел болса, рельефтің ең биік нүктесіне көтеріліңіз;
  • демалуға тоқтамаңыз және сел қауіпті каналдардың жанында, көл көпірлерінде (бөгеттерде) және олардың астында лагерьлер құрмаңыз;

"Естеріңізде болсын, сел ағынына түскен адамды құтқару мүмкін емес, сондықтан оған жақындамаңыздар!", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2142118-tzhd-almaty-taularynda-sel-zhurui-mumkin-ekenin-eskertti/