Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттің 300 көшесінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Жарияланған күні:

Жол жөндеу
Шымкенттегі жол жөндеу жұмыстары. Фото: instagram.com/transport.shym

Шымкенттің қала көшелерінде шұңқырларды жамау және жолдарды қалыпты жағдайда ұстау бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінде қала аумағындағы көшелердің шұңқырлары жамалып, күтіп ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бригадалар бірінші кезекте көліктердің қауіпсіздігіне әсер ететін орталық магистрал және ішкі орам көшелеріне жөндеу жұмыстарын жасауда. Бұдан бөлек, жол қозғалысына қолайлы болу үшін жоспарланған 400 қалқымалы қақпақшаның жартысынан астамы орнатылды.

"Бұл бағыттағы жұмыстар Еңбекші ауданындағы 60-тан астам көшеде атқарылды. Сондай-ақ Қаратау ауданындағы Қайтпас, Бозарық елдімекендерінде, Абай ауданындағы Достық, Самал-2,3 елдімекендерінде, Әл Фараби ауданы Сәуле елді мекенінде жалғасын тапты", - деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осыған дейін Тұран ауданы Қызғұрт елді мекеніндегі 20-дан астам көше жөндеуден өтті. Олар: Оңдасынов, Жандарбеков, Мақталы, Отырар, Ақжар, Мамина-Сибиряка, Алтын сақа, Үсенов, Қожанов, тағы басқа көшелер.

Алдағы уақытта жергілікті тұрғындардың өтініштері бойынша бұл жұмыстар жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2142339-shymkentting-300-koshesinde-zhondeu-zhumystary-zhurip-zhatyr/