Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Саясат Нұрбек ҰБТ-да 140 балл жинаған тағы бір талапкерді құттықтады

Жарияланған күні:

Саясат Нұрбек 140 балл жинаған Айым Ержанованы құттықтады
Саясат Нұрбек 140 балл жинаған Айым Ержанованы құттықтады. Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде 140 балл жинаған екінші талапкер – Ақмола облысының Қосшы қаласының түлегі Айым Ержанованы құттықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола облысының Қосшы қаласының түлегі Айым Ержанова IELTS халықаралық сертификатының балдарын ҰБТ балына ауыстырып және ҰБТ нәтижесін есепке алу арқасында ең жоғарғы көрсеткішке қол жеткізді

"Айым Ержанованы ерекше жетістігімен құттықтаймын. Бұл – қажырлы еңбек пен білімге деген ұмтылыстың нәтижесі.

Сіздің жетістігіңіз барлығымызды шабыттандырады және қазақстандық жас таланттардың халықаралық аренада үлкен биіктерге жетуге қабілетті екенін көрсетеді.

Сізге оқуда және болашақ мансапта одан әрі табыс тілеймін!" - деді министр.

Министрмен кездесуге Айымды қолдауға оның жақындары да келді, олар ҰБТ нәтижесін естігенде қатты қуанғанын және үміттері ақталғанын айтты.

Еске салайық, бұған дейін ғылым және жоғары білім министрі ҰБТ-дан ең жоғарғы 140 балл алған Жаннұр Еңсебекті құттықтаған еді.

Ведомство мәліметінше, 11 жыл үздік оқыған Жаннұр Еңсебек "Алтын белгіге" үміткер болған. Ол ҰБТ-ны "математика – информатика" комбинациясы бойынша Алматы облысының Есік қаласында тапсырған.

Айта кетсек, биыл бакалавриатқа түсу үшін 79 мыңға жуық грант бөлініп отыр. Барлық гранттың 60 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінді.

Сонымен қатар Ғылым және жоғары білім министрлігі пен "Отандастар қоры" КеАҚ бірлесіп шетелдегі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін Қазақстанның жоғарғы оқу орындарына оқуға түсуге осы жылдан бастап жаңа жеңілдетілген талаптар қабылдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2142345-saiasat-nurbek-ubt-da-140-ball-zhinagan-tagy-bir-tulekti-quttyqtady/