Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алимент пен айыппұл төлемеген": 153 миллион теңге берешегі бар түркістандық анықталды

Жарияланған күні:

қарыз тұрғынның көлігі
153 млн берешегі бар түркістандықтың көлігі. Фото: polisia.kz

Түркістанда 153 миллион айыппұл мен алимент төлемей жалтарып жүрген тұрғын анықталды. Бұл туралы ведомствоның ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Түркістан қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау – қауіпті жүргізуші” бағдарламасы арқылы қала аумағында күнделікті рейдтік-профилактикалық іс-шара жүргізеді.

Мәселен, кезекті жұмыс күні тәртіп сақшыларына С. Қожанов көшесінің бойында 153 миллион теңге берешегі бар Ravon Nexia R3 автокөлігіне қатысты дабыл түсті.

"Белгілі болғандай, жүргізушіге 153 миллион теңгенің 700 мыңы жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл түрінде салынған. Оның басым бөлігінде ақылы жол, жылдамдық арттыру, рұқсат етілмеген орынға көлік қою, т.б. құқық бұзушылықтар. Қалғаны банк пен алимент бойынша берешек екені расталды", - делінген ІІМ хабарламасында.

Полицейлер автокөлік жүргізушісімен айыппұлдарды уақытылы төлеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Көлік айыптұраққа қойылды.

Айта кетсек, соңғы айда Түркістан облысының полициясы “Қорғау” бағдарламасының көмегімен айыппұлын төлемеген 100-ге жуық жүргізушіні анықтап, көліктерді айыптұраққа қойды.

"Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады", - деп жазады ведомствоның баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2142450-aliment-pen-aiyppul-tolemegen-153-million-tengge-bereshegi-bar-turkistandyq-anyqtaldy/