Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте әлеуметтік азық-түлік бағасы арзандады

Жарияланған күні:

Әйел чек қарап тұр
Азық-түлік. Көрнекі фото: sergeyryzhov/Getty Images

Жыл басынан бері Шымкентте әлеуметтік азық-түлік бағасы 2 пайызға арзандаған. Оның ішінде сары май, жұмыртқа мен айран, күріш сияқты өнімдер бар. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарнаның хабарлауынша, соңғы аптада 8 азық-түлік арзандаған. Оның ішінде сары май, жұмыртқа мен айран, күріш бар. Ал Шымкенттегі көрсеткіш жыл басынан бері екі пайызға төмендеген. Атап айтқанда, 2024 жылдың көрсеткіші бойынша:

  • қаңтарда сары май 3262 теңге болса, қазір 3037 теңге, яғни 225 теңгеге төмендеді;
  • қарақұмық бұған дейін 318 теңгеге саудаланса, қазір 226 теңге, яғни 92 теңгеге арзандаған;
  • пісте май 648 теңгеге саудаланса, қазір 576 теңге, 72 екі теңгеге төмендеді.
  • сүзбенің келісі жыл басында 2160 теңге болса, шілдеде 2095 теңге сатылып, 65 теңгеге арзандады
  • ал тауық еті дүкен сөрелерінде 1108 теңгеге сатылса, қазір 1220 теңге, яғни 112 теңгеге қымбаттаған.

Әлеуметтік азық-түлік тізіміне халық жиі тұтынатын 19 түрлі өнім кіреді. Олардың бағасы әкімдікпен бекітілген, ал сауда желілері тауарлар құнын халықтың қалтасы көтеретіндей етіп қойдық дейді. Тіпті нарық бағасынан арзандары да бар көрінеді.

"Бізде күріштің бағасы арзандады, өткен кварталда әлеуметтік баға 460 теңге еді бұл кварталда 440 теңге болып бекітілді. Одан бөлек, бізде сәбіздің бағасы арзандады, өткен кварталда 150 теңгеден саудаланса, қазір 123 теңгеден болып тұр, сондай-ақ жұмыртқа, сүт өнімдерінің де бағасы түсті", - дейді дүкен директоры Самат Зауытбаев.

Жауапты мамандар баға тұрақтылығын сақтау маңызды екенін айтады, ал бағаны бақылау үшін кезең кезеңімен мониторинг өткізіліп отырады. Әлеуметтік тауар бағасы сұранысқа қарай әр тоқсан сайын жаңадан бекітіледі, ірі суда желілерімен келісімшарттар жасалған.

Еліміз бойынша азық түлік бағасы арзандап жатыр, дегенмен тұрғындар бұл көрсеткішті сезбеген көрінеді, себебі сауалнамаға қатысқан қала тұрғындарының көпшілігі қымбатшылықтың барын айтады.

Қазіргі таңда кәсіпкерлерге бағаны тұрақтандыру мақсатында 0,1 пайызбен айналым қаражаты беріледі. Осылайша әлеуметтік маңызы бар азық түлік түрлерін нарық бағасынан төмен сомада сатылымға шығаруға мүмкіндік жасалып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2142468-shymkentte-aleumettik-azyq-tulik-bagasy-2-paiyzga-arzandady/