Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алматы Тазалық" мекемесінің бұрынғы басшысына 81 млн теңге айыппұл салынды

Жарияланған күні:

Балға ұстап тұрған судья
Судья балғасы. Көрнекі фото: Daniel Tadevosyan / Getty Images

Алматыда "Алматы тазалық" мекемесінің бұрынғы басшысы мен жеке компания директорына сыбайлас жемқорлыққа қатысты сот үкімі шықты. Экс-басшыға 80 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл жөнінде Антикорға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Алматы қаласы Медеу ауданының № 2 соты"Алматы тазалық" ШЖҚ МКК директоры Тоқтасынов пен "Қала көркейту" ЖШС жеке компаниясының директоры Байжанов жемқорлық фактісі бойынша үкім шығарды.

"Тоқтасынов Алматы қаласының көшелері мен тротуарларын күтіп ұстау бойынша қосалқы мердігерлік қызметтер шарттарын жасасқаны және орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 2,7 млн теңге сомасында пара алған.

Сот үкімімен Тоқтасыновқа 81 млн теңге сомасында айыппұл, Байжановқа 3 жыл және 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2142474-almaty-tazalyq-mekemesining-buryngy-basshysyna-81-mln-tengge-aiyppul-salyndy/