Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жақын күндері елімізде жаңбыр жауып, күн суытады деп күтілуде

Жарияланған күні:

Жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы және температураның біртіндеп төмендеуі болжанады. Тек батыста 36 градус ыстық сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қазгидромет" РМК ақпаратына сәйкес, Қазақстанның барлық аумағында дерлік тұрақсыз ауа райы сақталады.

Республиканың бүкіл аумағында өткінші жаңбыр, найзағай және жел күшейеді, еліміздің солтүстік жартысында қатты жаңбыр, бұршақ, қатты дауыл соғады.

Қазақстанның оңтүстігінде ғана күн жауын-шашынсыз болады.

Еліміздің батысында күндізгі уақытта ауа температурасы +31...+36°С дейін жоғарылайды. Ал республиканың қалған аумағында ауа температурасы біртіндеп төмендейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2142547-zhaqyn-kunderi-elimizde-zhangbyr-zhauyp-kun-suytady-dep-kutilude/