Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 200 мың банктік операция күдікті деп танылған

Жарияланған күні:

Телефон ұстаған ер адам
Телефон ұстаған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Бас прокурор Берік Асылов елімізде 200 мыңнан астам күдікті банк операциялары мен ірі кен орындары бойынша жасалған келісімшарттар тексеріліп жатқанын айтты. Бұл туралы Kazpravda.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылымға берген сұқбатында Берік Асылов заңсыз алынған активтерді қайтару жұмыстары туралы айтты. Ол осы мақсатта активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылғанын еске салды.

Асыловтың айтуынша, комитет өзінің міндетін белсенді ат­қаруда. Тек биылдың өзінде мемлекетке 315 млрд теңге, заңсыз қолды болып кеткен 513 мың га жер телімі қайтарылды.

Алғаш рет сот 5,5 млрд теңге тұратын пайда болуы түсініксіз байлық туралы, құны 400 млн зергерлік бұйымдар мен мәдени құндылықтар жөніндегі комитеттің талап-арызын толық көлемде қанағаттандырған. Соттың шешімі толық көлемде орындалған.

Бас прокурор Қазақстанға қонақүйлер, кеңсе ғи­ма­раттары, ресторандар, бизнес-ор­та­лықтар, ірі қалалардағы шұрайлы жер телімдері, базарлар, теміржол инфра­­құрылымдары, қымбат зергерлік бұйым­дар мен басқа мүліктер қайтарылғанын айтты.

"Қазіргі уақытта активтерді қайтару комитеті Қазақстандағы және шетелдегі жүздеген жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектілеріне, сондай-ақ миллиондаған АҚШ долларын құрайтын бағалы қағаздардың шығу тегі, сондай-ақ 200 мыңнан астам күдікті банктік операциялар мен келісімшарттарға талдау жүргізуде. Елдегі ондаған ірі кен орнының нақты кәсіпорындар мен мүліктердің шығу көздерінің заңдылығы тексерілуде", - деді Асылов.

Ол Қазақстанға бұл жұмыста халықаралық ұйымдардың, соның ішінде ЕҚЫҰ өкілдерінің қолдау көрсеткенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2142612-qazaqstanda-kudikti-dep-tanylgan-200-myng-banktik-operatsiia-tekserilip-zhatyr/