Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы құрылыс компаниясы басы дауға қалғанын мәлімдеді

Жарияланған күні:

Құрылыс жоспары
Көрнекі фото: depositphotos.com

Астанада құрылыс компаниясына қатысты дау бітер емес. «Ер-тау» компаниясының өкілдері салынып жатқан нысандағы пәтерлерді белгісіз біреулер сатып жатыр деп дабыл қағуда, деп хабарлайды "31 арна".

Астанада көппәтерлі тұрғын үй кешенін салып жатқан құрылыс компаниясы жер телімі мен салынып жатқан нысаннан айырылып қалуы мүмкін. Олардың сөзінше, Кенесары хан мен Шевченко көшесі бойында орналасқан ғимарат аталған компанияға тиесілі. Бұдан 10 жыл бұрын тұрғын үй құрылысы басталып, нәтижесінде 3 миллиардтан астам қаражат кеткен, дейді олар. Компания адвокаты Мұхтар Есжанов бәзбіреулер жылжымайтын мүлікті шаршы метрі 130 мың теңгеден сатқанін мәлімдеді.

"Астананың жақсы ауданынан шаршы метрі 130 мың теңгеден жылжымайты мүлікті кім сатады? Сондықтан бұл жерде кей үлескерлер мен нысанды сатылымға қойғандар арасында байланыс бар. Бұл мәселені бірнеше мәрте көтеріп отырмыз. Мемлекеттік және құқыққорғау органдары тарапынан еш көмек болмады. 90-ға жуық пәтер үлескерлік қатысу келісімшарты бойынша сатылған", - дейді ол.

Сондай-ақ олар сот шешімі олардың пайдасына шешілмегеніне наразы болды. Айтуларынша, құрылыс компаниясы нысанның салынуына жұмсаған қыруар қаражаты есепке алынбай отыр.

"Тергеу органдары менің құрылыс нысанымды алып алды. Шындығына келгенде рейдерлік жасалды. Алаяқтар полиция тергеушілеріне біздің серіктесіміз екенін айтқан. Бұл ретте олар тек 1 айға алдын ала келісімшарт жасастық деп біздің сенімімізге кірді. Ел президентінен бұл бассыздыққа араласуын сұраймын", - дейді компания басшысы Мұрат Тасов.

Құрылыс компаниясындағылардың айтуынша, кооператив одан ары басқа компаниямен келісімшартқа отырған. Бұл компания 3 миллиард теңгесін үнемдейді, дейді олар. Тағы бір адвокат Жасұлан Рахымғалиевтің сөзінше, нысанды салғанын дәлелдейтін құжаттарды бергенімен, олар қылмыстық іс материалдарынан жойылып кеткен.

"Бұл істе құрылыстық сараптама болуы керек еді. Ол жасалмаған. Біздің тараптан бұл сараптама жасалды. Ол аталған компания басшылары бұл құрылысқа қаржы жұмсамағанын дәлелдейді. Түрлі арыз-талаптар арқылы біз бұл дәлелдерді қылмыстық қудалау органдарына жеткізуді көздеп отырмыз", - дейді ол.

Ал "Астана" телеарнасына пікір білдірген Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы аяқталмаған құрылыс пен жер учаскесін тұрғын үй құрылысы кооперативінің пайдасына беру туралы Жоғарғы соттың шешімін ғана орындап жатқанын түсіндірді.

"Зардап шеккендер қатарында құрылысқа ақша салған жүздеген үлескер бар екенін айта кету керек. Алайда бұл компания бұған еш қатысымыз жоқ деп отыр", - деді Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2142672-astanadagy-gimarat-qurylysyna-qatysty-atyshuly-iske-qatysty-zhanga-aqparat-shyqty/