Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда заңсыз салынған таунхаус бұзылып жатыр

Жарияланған күні:

Таунхаус. Фото
Таунхаус. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда "Шұғыла" шағын ауданында бір таунхаусты бұзуға кірісті. Ол рұқсатсыз тұрғызылған, деп хабарлайды әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматының "Шұғыла" шағын ауданындағы Жүнісов көшесінде заңсыз салынған таунхаус бұзылып жатыр.

"Қала құрылысын бақылау басқармасы жергілікті тұрғындардың өтінішінен кейін жоспардан тыс тексеріс жүргізіп, нысанның рұқсатсыз салынғанын анықтады. Меншік иесі ұйғарымды орындамағаннан кейін басқарма Наурызбай ауданының сотына талап арыз берді. Сот оны биыл 2 ақпанда қанағаттандырды.

Ғимарат сот орындаушылардың қатысуымен сүріле басталды. Былтыр жыл басынан бері Алматыда "Мечта" және "Алма Гарден" тұрғын үй кешендерін қосқанда 41 заңсыз нысан бұзылды. Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен заңсыз құрылысқа бақылау күшейді", - делінген хабарламада.

Әкімдіктің мәліметінше, бұзу жұмыстары бір күн бұрын Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2142691-almatyda-shugyla-shagyn-audanynda-taunhaus-buzylyp-zhatyr/