Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатты ыстық пен өрт қаупі: Қазақстанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жарияланған күні:

Күн
Көрнекі фото: pixabay.com

1 тамызда қатты ыстыққа байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

1 тамызда Қарағанды облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Облыстың басым бөлігінде өрт қаупі сақталады.

1-3 тамыз күндері күндіз Жетісу облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 01-03 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенші өрт қаупі сақталады.

Ертең күндіз Павлодар облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

1 тамызда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында, 02 тамызда тәулік бойы облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыс, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ертең Алматыда да қатты ыстық болады деп болжанды.

1 тамызда күндіз Абай облысының оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Бейсенбіде Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз қатты ыстық 35 градус күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі болжанды.

1 тамыз түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ертең таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

1 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

1 тамызда түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-18 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ертең Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

1 тамызда түнде Батыс Қазақстан облысының шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

1 тамызда күндіз, 2 тамызда тәулік бойы Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 01-02 тамызда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. 01-02 тамызда күндіз облыстың солтүстік-батысында 41 градус қатты ыстық күтіледі. 01-02 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Ертең күндіз Астанада 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі болжанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2142771-qatty-ystyq-pen-ort-qaupi-qazaqstanda-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/