Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Италиялық журнал Қазақстанды саяхаттауға болатын 10 елдің қатарына қосты

Жарияланған күні:

Тау шыңындағы бойжеткен. Көрнекі сурет
Тау шыңындағы бойжеткен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Италиялық Dove Travel журналы міндетті түрде баруға кеңес беретін елдердің тізімін жариялады. Оған ТМД елдерінен Қазақстан ғана кірді, деп хабарлайды КТК телеарнасының сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Телеарнаның хабарлауынша, журнал сарапшылары қалалардың әсемдігін, табиғи көрікті жерлерді және жергілікті мәдениетті ескерген. Рейтинг авторлары туристерге өмірінде кем дегенде бір рет Қазақстанға келуге кеңес береді.

Саяхатшыларға Қазақстаннан басқа Оман, Оңтүстік Африка, Индонезия, Непал, Исландия және Жаңа Зеландияға бару ұсынылады. Рейтингтің алғашқы үш қатарында Гавайи, Барбадос және Венесуэла орналасқан.

Авторлар Қазақстанда Алматы мен Астана қалалары, сондай-ақ Алматы мен Маңғыстау облыстарының табиғи көрікті жерлерін ерекше атап өткен. Материалдың көп бөлігі осы қалаларға арналған.

Мақалада Шарын ұлттық саябағы, Көлсай және Қайыңды көлдері туралы кеңінен айтылады. Алматыдағы шіркеу мен орталық мешіт туралы да жазылған. Маңғыстауда авторлар Бозжыра мен Қызылкүпке тамсанған. Ал елордада олар Әзірет Сұлтан мешітін, жалпы Астананың сәулетін тамашалауға кеңес берді.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2142886-italiialyq-zhurnal-qazaqstandy-saiahattauga-bolatyn-10-elding-qataryna-qosty/