Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында бассейн салуға бөлінген 130 млн теңге жымқырылған

Жарияланған күні:

Шомылу
Бассейн. Көрнекі фото: pexels.com

Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағанды облысында бассейн салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісін тергеп жатыр. Бұл туралы агенттік Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Агенттік ақпаратынша, балалар спортын дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар объектінің құрылысын бақылаған азамат орындалған жұмыстардың жалған актілері бойынша жеткізілмеген құрылыс материалдары үшін өзіне қарасты кәсіпорынның шотына, сондай-ақ бассейн құрылысына қатысы жоқ басқа кәсіпорындардың атына қаражат аударған.

"Кешенді сот құрылысы-экономикалық сараптамасының, сот-экономикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, мемлекетке орындалмаған жұмыстар мен жеткізілмеген материалдардан тұратын 130 млн теңгеден астам залал келтірілген", - делінген хабарда.

Аталған азамат ұсталып, оған қатысты сот "үй қамақа алу" бұлтартпау шарасын қолданды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚПК 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2142892-qaragandy-oblysynda-bassein-saluga-bolingen-qarazhat-zhymqyrylgan/