Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қосалқы станциялар тоналды": Өскемен әкімдігі электр жарығының өшуіне кім кінәлі екенін айтты

Жарияланған күні:

Тұрғындар. Фото
Тұрғындар. Фото: Алматы арнасы

Өскемен тұрғындары электр қуатының жиі сөнетінін, соның салдарынан судың да өшетінін айтып шағымданды. Әкімдік жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Алматы телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Арна ақпаратынша, жаз бойы электр қуатының жиі және кенет сөніп қалуынан шаршаған Өскемен тұрғындары жиналып, шенеуніктер мен журналистерді шақырды.

Көпбалалы ана Жанерке Кәрімханқызының сөзінше, үйдегі жарық сөнген бойда су да өшеді, себебі сорғылар электр қуатымен жұмыс істейді екен.

"Егер электр жарығы сөніп қалса, бізде су жоқ. Су жоқ, өйткені біздің сорғылар жарықпен жұмыс істейді. Бұл жолы жарық сағат 9-дан кешке дейін өшірілді. Сусыз, жарықсыз, лифтсіз, интернетсіз отырамыз. Бұл аптасына екі-үш рет қайталанады", - деп бөлісті Жанерке Кәрімханқызы.

Тұрғындар электр қуатының өшуі тұрмыстық техникаға да кері әсерін тигізуде деп отыр. Айтуларынша, кір жуғыш машиналар мен теледидарлар өртеніп кеткен жағдайлар бұған дейін де болған.

Қала әкімінің орынбасары бұл аумақ 2008 жылы бой көтере бастағанын айтты. Дәл сол кезде 40 қосалқы электр станциясы салынды. Бірақ адамдар бірнеше жылдан кейін ғана үйлерге көше бастаған. Алайда жұмыс істемей тұрған кезде трансформатор будкалары тоналған.

"Өкінішке қарай, 2008 жылдан бері бұл қосалқы станциялардың барлығы тоналды, ол бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды, тіпті бірнеше адам осыған байланысты түрмеде отыр. Қазір 180 млн теңге көлеміндегі қаражат бөлінді", - деді қала әкімінің орынбасары Қайрат Тәнекенов.

Бұл қаржыға қосалқы станцияларды қалпына келтіру жоспарлануда. Олар жобаны қыркүйекке дейін аяқтауды көздеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2142945-qosalqy-stantsiialar-tonaldy-oskemen-akimdigi-elektr-zharygynyng-oshuine-kim-kinali-ekenin-aitty/