Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда полицейлер шетелдік нөмірлі көлікті қоршауға алды (видео)

Жарияланған күні:

Көлік
Көлік. Видеодан кадр: polisia.kz

Алматыда полицейлер 2 миллион теңге айыппұл төлемеген ер адамның көлігін қоршап алды. Бұл туралы полицияға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz медиа-порталында жарияланған мәліметтерге сәйкес, жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальоны және іздеу бөлімшесінің қызметкерлері Toyota Alphard көлігінің иесін ұстаған.

"Бұл құқықбұзушылықтар қаланың бейнежүйелері арқылы тіркелді", - делінген хабарда.

Қазір Алматы полициясы мемлекеттік жалған нөмірлерді пайдаланатын, көліктеріне арнайы сигналдық құрылғылар орнатқан, көлікті мас күйінде басқарған және төленбеген айыппұлдары бар тұлғаларды анықтап, жауапкершілікке тарту бойынша мақсатты жұмыс жүргізіп жатқаны атап өтілді.

Полицейлер әкімшілік айыппұлдарды дер кезінде төлеу қажеттігін тағы да еске салып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143002-almatyda-politseiler-sheteldik-nomirli-kolikti-qorshauga-aldy-video/