"Ата-анасы таңертең оянғанда білген": Семейде жасөспірім жоғалып кетті
Жарияланған күні:
Читать на русскомСемейде кеше таңертең 13 жастағы бала жоғалып кеткен. Жасөспірімді облыс аумағында және көршілес облыстардан да іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Абай облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасының мәліметінше, 31 шілдеде 2010 жылы туған Турбаев Роман Александровичті іздеуге көмек көрсету туралы өтініш келіп түскен. Полиция департаменті тұрғындардан 2010 жылы туған Турбаев Романды іздестіруге жәрдемдесуді сұрады.
"2024 жылғы 31 шілдеде Семей қаласы, 7 Омская көшесі, 3 үй мекен жайынан белгісіз бағытта шыққан және қазіргі уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз, хабар-ошарсыз кеткен кәмелетке толмаған баланың шашы ақшыл, көзі көк. Бойы: 160 см, арық денелі. Киген киімі: жасыл-көк футболка, қара трико, қара түсті жаздық аяқ киім (сланцы) киген", - делінген хабарламада.
Облыстық ПД мәліметінше, 31 шілдеден бастап бұл өтініш тіркеліп, іздеу шаралары ұйымдастырылды. Хабарлама түскен бойда полиция қызметкерлері, құтқарушылар, Ұлттық ұланының әскери қызметшілері және еріктілер дереу іздестіру жұмысына кірісті. Қазіргі уақытта оларға 180-нен астам адам жұмылдырылған.
Сол түні баланың үйде отбасымен бірге болғаны анықталды. Таңертең оянған ата-анасы баланың жоғалып кеткенін анықтады.
Қазіргі уақытта іздеу шаралары жалғасуда, ақпарат және бағдарлар полиция департаментінің барлық аумақтық бөлімшелеріне және көршілес аймақтарға жіберілді.
Полицейлер жоғалып кеткен баланың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдардан ішкі істер органдарына хабарлауды сұрайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143077-ata-anasy-tangerteng-oianganda-bilgen-semeide-zhasospirim-zhogalyp-ketti/