Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуропаға 210 млн теңгенің балығын контрабандалық жолмен жеткізген қазақстандық сотталды

Жарияланған күні:

балық
Жағадағы балық. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында заңсыз ауланған балықты Еуропалық Одаққа экспорттаған компания басшысына қатысты үкім шықты. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қадағалау органының ақпаратынша, Алматы облысы Қонаев қаласының сотында аса ірі көлемдегі балық өнімі "көксерке филесі" контрабандасы бойынша тергеу аяқталды.

Мемлекеттік айыптаушылар 2021 жылдың қазаны мен 2022 жылдың қыркүйегі аралығында компания басшысы азамат И. браконьерден заңсыз ауланған балықты сатып алып, Еуропалық Одақтың әр түрлі елдеріне экспорттағанын дәлелдеді. 

"Экспортқа рұқсат алу үшін жасанды көксерке өсіруге мүмкіндігі жоқ шаруа қожалығында балықтың шығу тегі туралы жалған құжаттар пайдаланды", - делінген хабарламада.

Заңсыз экспортталған балық өнімдерінің жалпы құны 210 миллионнан астам теңгені құрады.

26 шілдеде сот үкімімен азамат Қылмыстық кодекстің 234-бабының 2-бөлігінің 4-тармағымен кінәлі деп танылып, 210 млн теңге кедендік төлемдерді мемлекет кірісіне өндіре отырып, оған 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143080-europaga-210-mln-tenggening-balygyn-kontrabandalyq-zholmen-zhetkizgen-qazaqstandyq-sottaldy/