Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік күзет қызметі Астана көшелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылатынын ескертті

Жарияланған күні:

Астана қаласында көшеде кетіп бара жатқан көліктер
Астана қаласы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астананың кей көшелерінде 7-10 тамыз аралығында көліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысына шектеу қойылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Мемлекеттік күзет қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Қоғамдық-саяси шараларды өткізуге байланысты 7 және 10 тамыз аралығында қаланың жекелеген көшелерінде, негізінен "Есіл" (Оңтүстік айналма жол, Қабанбай батыр, Мәңгілік Ел, Ұлы Дала даңғылы, Достық, Керей-Жәнібек хандары көшелері), "Нұра" (Тұран, Ұлы Дала даңғылы) және "Алматы" (Тәуелсіздік даңғылы, Ж.Нәжімеденов ул.Қ.Аманжолов көшелері) аудандарында көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, дайындық аясында 3 тамызда бірлескен жоспарлы оқу-жаттығулар өтеді.

Іс-шаралар арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай ақ Қарулы күштерінің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстары пайдаланылады.

"Осыған байланысты, астананың тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздікті қамтамас ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды өтінеміз", - деп ескертті Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері.

Еске салсақ, бұған дейін Ақорда алдағы күндері өтететін қоғамдық-саяси шаралар аңдатпасын жариялаған еді.

Атап айтсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2-3 тамыз күндері Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессо Қазақстанға ресми сапармен келеді.

7-8 тамыз күндері Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевтің елімізге мемлекеттік сапары өтеді.

9 тамызда Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы консультативтік кездесуі өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143117-memlekettik-kuzet-qyzmeti-astana-koshelerinde-kolik-qozgalysyna-shekteu-qoiylatynyn-eskertti/