110 млн теңге қарызын төлеуден жалтарып жүрген шымкенттік жүргізуші анықталды
Жарияланған күні:
Шымкентте “Қорғау” бағдарламасы арқылы 100 млн теңгеден астам берешегі бар жүргізуші анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
“Қорғау” бағдарламасы арқылы қалалық полиция департаменті жедел басқару орталығының қызметкерлері төленбеген қарыздары бар көлік жүргізушісі туралы сигнал алып, патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне хабарлаған.
"Mercedes-Benz S 350 көлік иесінің атқарушылық іс жүргізу бойынша 110 миллион теңгеге жуық берешегі бар екені анықталды", - деп жазады ІІМ өкілдері.
Полицейлер автокөлік жүргізушісімен айыппұлдарды уақытылы төлеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізlі, көлік айыптұраққа жеткізілді.
Айта кетейік, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында “Қорғау” қосымшасы жалған нөмірлер, өтелмеген қарызы бар азаматтар мен басқа да заң бұзушылықтарға жиі жол беретін қауіпті жүргізушілерді анықтайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143128-110-mln-tengge-qaryzyn-toleuden-zhaltaryp-zhurgen-shymkenttik-zhurgizushi-anyqtaldy/