Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттің "Қиял әлемі" мемлекет меншігіне қайтарылды

Жарияланған күні:

Қиял әлемі
"Қиял әлемі"саябағы. Видеодан скриншот: https://www.youtube.com/@minyoorin5486

Шымкентте сот "Қиял әлемі" саябағына қатысты дауға шешім шығарды. 5 гектарға жуық саябақ жері коммуналдық меншікке қайтарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Телеарнаның ресми сайтында берілген ақпаратқа сәйкес, бұл туралы бүгін, 1 тамызда Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлаған.

Жер телімі оның аумағында балалар орталығы салынады деген мақсатта жалға берілген. Алайда саябақта орталықтың орнына аттракциондар пайда болды. Жер ресурстарын басқару департаменті учаскені "Әйгерім" ЖШС-ға жалға беру шартын жарамсыз деп тануды талап етіп, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа шағым түсірді.

"2024 жылдың 10 мамырында сот жалдау шартын жарамсыз деп танып, департаменттің шағымын қанағаттандырды. Алайда саябақ иелері сот шешімімен келіспей, аппеляциялық шағым түсірген. 2024 жылдың 31 шілдесінде Шымкент қалалық соты "Әйгерім" ЖШС-ның апелляциялық шағымын қанағаттандырмай, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды. Осылайша, жер телімі ақыры қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылды", - делінген хабарламада.

Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін Шымкент қаласының әкімдігі саябақ аумағындағы заңсыз салынған құрылыстарды "Әйгерім" ЖШС-ның қаражатына бұзып, жерді бұрынғы қалпына келтіру туралы талап арызбен жүгінбек. Бұл ҚР Жер кодексінің 164-1-бабына сәйкес мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қорғау мақсатында жүзеге асырылады.

Айта кету керек, саябақ соңғы жылдары өртке байланысты оқиғалар және жазатайым қайғылы оқиғалар туралы жаңалықтардан жиі көрінді. Мұнда екі адам көз жұмды: саябақта жұмыс істейтін студент аттракционнан құлап кетсе, тағы бір адам аттракцион кезінде жүрек талмасынан қайтыс болды.

Бұған дейін "Қиял әлемі" саябағына іргелес жатқан жер телімінің мемлекет меншігіне қайтарылғаны белгілі болған еді.

Сондай-ақ бұған дейін белгілі қазақстандық кәсіпкердің иелігіндегі "Кең баба" саябағы мемлекет меншігіне ішінара қайтарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143140-shymkentting-qiial-alemi-memleket-menshigine-qaitaryldy/