"ХҚКО сайты бұзылды": eGov өкілдері мессенджерлерде тараған хаттарға байланысты пікір білдірді
Жарияланған күні:
Қазақстанда мессенджерлерде тараған ХҚКО сайты мен eGov мобильді қосымшасының бұзылғаны туралы хабарламаны жоққа шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "ҰАТ" АҚ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мессенджерлерде жіберілген ХҚКО сайты мен eGov Mobile мобильдік қосымшасының ақаулықтары туралы аудио хабарлама жалған болып табылатынын және шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды.
"Электронды үкімет порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы қалыпты жағдайда жұмыс істейді. Үшінші тұлғалар портал мен мобильді қосымша пайдаланушыларының деректеріне қол жеткізе алмайды", - делінген хабарламада.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ өкілдері жалған хабарламаларға жауап бермеуді және тексерілмеген ақпаратты жібермеуді сұрайды.
"Электрондық үкімет порталы мен eGov Mobile қосымшасының қызметі туралы барлық ақпарат ресми дереккөздерде, атап айтқанда eGov.kz және nitec.kz сайттарында жарияланады.
eGov.kz порталы және eGov Mobile жұмысы туралы туындаған барлық сұрақтар бойынша байланыс орталығының 1414 телефон нөміріне хабарласуға болады", - деп ескертті eGov.kz қызметкерлері.
Айта кетейік, eGov.kz өкілдері азаматтарға 1414-тен келетін хабарламаларға қатысты ескерту жасаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143237-hqko-saity-buzyldy-egov-messendzherlerde-taragan-hattarga-tusinikteme-berdi/