Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазушы Сәбит Мұқанов туған ауылда бастауыш мектеп жабылуы мүмкін (видео)

Жарияланған күні:

Сәбит Мұқановтың ауылы
Сәбит Мұқановтың ауылы. Видеодан кадр: 24.kz

СҚО-да жазушы Сәбит Мұқановтың есімі берілген елдімекенде оқитын бала саны азайып жатыр, сондықтан ауылдағы бастауыш мектеп жабылуы мүмкін. Бұл туралы 24.kz арнасы хабарлады

Тілші мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысындағы Сәбит Мұқановтың туған ауылында қазір 13 шаңырақ түтін түтетіп отыр. Елден көшпей отырғандардың бірі – Елубай Мусин.

Осы топырақта туып-өскен қария ауылының болашағына алаңдайды. Өткен шақты жиі еске алады.

"Бұрын ауылымыз оңды болды. Біздің ауылға жұрт қызығатын. Тазалығына, жері құнарлы. Енді міне, заманның өзгеруіне қарай ма, қалай ешкім ешқандай не қылмайды. Мектебіміз қандай, музейіміз бар. Сәбит Мұқановтың өзінің ұйымдастырған ауылы бұл өзі", - дейді ауыл тұрғыны Елубай Мусин.

Ауылдан адамдар 2000-жылдары үдере көше бастаған. Ал былтыр бастауыш мектеп жабылады деген соң бірден 10 отбасы үйін тастап кеткен. Жазушының есімі берілген білім ордасында оқушы жоқ. Қазір тек шағын орталық қалды. Оған да жалғыз бала барады.

"Соңғы жылдары енді сол 28-ден бастап, 20, 15 оқушы, солай азайды. Солай-солай сол жөнінде мектеп жабылды. Енді облыс орталығына баратын шығармын. Жан-жаққа бардық. Солай-солай жұмыс береміз, бірақ мына жаққа келуге бас тартты көбі. Жол мәселесі бар", - дейді бастауыш мектеп меңгерушісі Жоламан Қалиев.

Сәбит Мұқановтың ауылында жазушының көзі болып тұрған – музей. "Бұл үйді кезінде жазушының өзі қарағайдан салған", - дейді тұрғындар. Кейін інісі тұрған. Қазір мұнда қаламгердің өмірі мен шығармасынан сыр шертер 750 жәбігер тұр. Оның ішінде жеке заттары да бар.

"Бұл құнды жәдігердің бірі – жазу машинкасы. Жазу машинкасымен жазушы Сәбит Мұқанов газет редакциясынан бастап, романға дейінгі шығармашылық жолын атқарған. Сәбит Мұқанов өзінің соңғы шығармасы – "Аққан жұлдыз" романын аяғына дейін жеткізе алмай кетті. Осы машинкамен көп еңбегі сіңді ғой. Әрине, сол үшін құнды болады",- дейді Әлия Сәрсекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143266-zhazushy-sabit-muqanov-tugan-auylda-bastauysh-mektep-zhabylady-video/