Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында жайылымдық жерлер 304 мың гектарға ұлғаяды

Жарияланған күні:

Жайылымдық жерлер
Жайылымдық жерлер. Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Өңірде мал басының артуына байланысты жайылым көлемін 304 мың гектарға арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Түркістан облысының әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысында 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында 31 мың гектар жер телімлері мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілеген мәлімдеді.

"Жалпы облыстағы барлық жер қоры 11 млн 610 мың гектар. Оның басым бөлігі, яғни 4 млн 469,5 мың гектар аумағы ауыл шаруашылығы жерлерінің үлесіне тиесілі. Сонымен қатар, облыс әкімінің өкімі негізінде құрылған ведомстволық топ өңірдегі ауыл шаруашылығына пайдалануға арналған жерлерді және заңсыз иеленген аумақтардың барлығын мемлекет меншігіне қайтару бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде", - деді басқарма басшысы.

Ведомствоның хабарлауынша, 2024 жылы 60 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған. Алғашқы жартыжылдық есеп бойынша қазіргі таңда 31 мың гектар жер мемлекет меншігіне өткізілді.

Сондай-ақ өңірде мал басының артуына байланысты жайылым көлемін 304 мың гектарға арттыру көзделіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143297-turkistan-oblysynda-zhaiylymdyq-zherder-304-myng-gektarga-ulgaiady/