"Қазақфильмнен" кеткен Азамат Сатыбалдының орнын уақытша кім басатыны белгілі болды
Жарияланған күні:
Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілдері "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы президентінің міндетін Айдар Омаров атқаратынын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.
Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілдері қазіргі кезде Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлады.
"Ұлттық киностудия президенті міндетін Айдар Омаров уақытша атқарады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, таяуда "Қазақфильм" АҚ қызметкерлері киностудия алдында жиналып, басшылықтың шығуын талап етті. Анимация бөлімінің мамандары бір жыл бойы жалақы алмағанын айтып, шағымданған еді.
Өз кезегінде "Қазақфильм" АҚ президенті, белгілі актер Азамат Сатыбалды киностудия қызметкерлеріне қатысты даулы жағдайға жауап берді. Өнер иесі бір жыл бойы жалақы берілмей жатқанын айтып жүрген анимация мамандарының шағымы орынсыз екенін мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143320-qazaqfilmnen-ketken-azamat-satybaldynyng-ornyn-uaqytsha-kim-basatyny-belgili-boldy/