Астанада жұмысшы шұңқырға құлап кетті
Жарияланған күні:
Бүгін, 1 тамызда Астанада ер адам траншеяға құлап, аяғын жарақаттады. Жер қазу жұмыстары кезінде жұмысшы зардап шекті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомство мәліметінше, оқыс жағдай Астанадағы Нұра ауданында болған.
"Бүгін Нұра ауданында жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде жұмысшылардың бірі тереңдігі 2 м шұңқырға құлап, аяғын жарақаттап алды.
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жұмысшыға шұғыл медициналық көмек көрсетіп, оны жер бетіне көтеріп, "103" қызметіне табыстады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Жетісу өңірінде адамдар мінген дельтаплан Алакөлге құлап кетті. Оны құтқарушылар патрульдеу кезінде тапты.
Маусым айында Таразда ішінде бір отбасы мүшелері отырған көлік шұңқырға түсіп кеткенін жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143345-astanada-zhumysshy-shungqyrga-qulap-ketti/