Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанаға Конго Республикасының президенті келді (видео)

Жарияланған күні:

Дени Сассу-Нгессо в аэропорту Пекина
Дени Сассу-Нгессо. Фото: Ken Ishii - Pool/Getty Images

Конго президенті Денис Сассу Нгуессо Астанаға мемлекеттік сапармен келді. Президенттің Мемлекеттік күзет қызметі әуежайда Конго президентін күтіп алған сәтте түсірілген кадрларды жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Президенттің Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланған кадрларда Конго президенті Денис Сасу Нгуессоның Астана әуежайына келгені көрсетілген. Оны әуежайдан Серік Жұманғарин күтіп алды.

Айта кетейік, Ақорданың баспасөз қызметі Конго басшысының келетінін алдын ала хабарлаған болатын. Оған қоса келесі аптада Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев келеді деп күтілуде. Ал 9 тамызда Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы консультативтік кездесуі өтеді.

Британ энциклопедиясының сайтындағы мәлімет бойынша Денис Сассу Нгуессо 1943 жылы Конго Республикасының Эду қаласында дүниеге келген. Ол конголық саясаткер және бұрынғы әскери адам.

Сассу Нгуессо екі рет Конго Республикасының президенті (1979-1992 жылдры және 1997 жылдан қазіргі уақытқа дейін) қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143347-astanaga-kongo-respublikasynyng-prezidenti-keldi-video/