Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал ақын Оралдағы облыстық филармонияның директоры болып тағайындалды

Жарияланған күні:

Бауыржан Халиолла
Бауыржан Халиолла. Фото: instagram.com/bqo_filarmoniya

Танымал ақын Бауыржан Халиолла Оралдағы Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның директоры болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өнер одасының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды

"Бүгіннен бастап қаламыздағы Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония мен "Атамекен" өнер ордасы оңтайландыру әдісі бойынша ресми түрде қосылды. Бұдан былай "Атамекен" өнер ордасының ғимаратына облыстық филармония иелік етеді. Бас ғимаратқа әкімшілік және шығармашылық топ орналасты", - делінген хабарламада.

Өнер ордасының мәліметінше, жаңа ғимаратқа көшкен Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның директоры лауазымына бүгін Бауыржан Халиолла тағайындалды.

Халиолла Бауыржан Ергенұлы 1979 жылы 24 қарашада Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Қособа ауылында дүниеге келген.

2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің "Журналистика" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы Облыстық "Орал өңірі" газетінің тілшісі қызметінен бастаған. 2003-2004 жылдары Сырым аудандық "Қайнар" газетінің бас редакторы, 2010-2012 жылдары Республикалық тәуелсіз "Айна" газетінің бас редакторы, 2012-2015 жылдары Республикалық "Жайық жұлдызы" журналының бас редакторы болды.

Мәдениет саласында 2015-2016 жылдары Жастар шығармашылығы орталығы директорының жалпы мәселелері бойынша орынбасары, директоры; 2016-2023 жылдары Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының директоры; 2023-2024 жылдары "Атамекен" өнер ордасының директоры лауазымын атқарып келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143491-tanymal-aqyn-oraldagy-oblystyq-filarmoniianyng-direktory-bolyp-tagaiyndaldy/