Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы ғылыми шешімдер: "Қазақмыс" өндірістің тиімділігі үшін жаңа жүйелерді қалай енгізіп жатыр

Жарияланған күні:

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС
Фото: "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС баспасөз қызметі

"Қазақмыс" ел ғылымын дамытуға қолдау көрсетуді, өз кәсіпорындарына үздік инженерлік және IT жобаларды енгізуді жалғастыруда.

30-31 шілдеде TechGarden-нің 15 IT-резиденті "Нұрқазған" кенішіне барды. Сапар барысында қатысушылар "Қазақмыстың" бизнес-міндеттерімен танысып, өндірістік үдерісті жақсарту үшін ғылыми-цифрлық және техникалық шешім ұсынды.

Тур қорытындысында өндірістің тиімділігін арттыруға, қауіпсіздік техникасын, экологиялық бақылау мен өнім сапасын жақсартуға бағытталған IT жобалар пулы қалыптасты.

DMMS жүйесінің тұсаукесері
Фото: "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС баспасөз қызметі

Бұған дейін "Қазақмыс" қолданысқа AG Tech және MRS-K компанияларының DMMS IT кешенін енгізді. Бұл бағдарламалық-аппараттық кешенді қазақстандық IT-компаниялар "Қазақмыс" мамандарымен бірлесіп әзірледі.

DMMS жүйесінің тұсаукесері
Фото: "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС баспасөз қызметі

DMМS жүйесі жерасты радиобайланысын, персонал мен көліктің орналасқан жерін анықтауға және апаттық ескерту жасауға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ DMМS арқылы адамдарды қалың жыныс қабаттарынан іздеу мүмкіндігі пайда болды, бұл төтенше жағдай кезіндегі іздеу жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді.

DMMS жүйесінің тұсаукесері
Фото: "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС баспасөз қызметі

Сонымен қатар 16 қосымша модуль әзірленді. Олар бизнес-процесті цифрландыру мен Micromine тау-кен-геологиялық ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқылы тау-кен жұмыстарын жоспарлаудан бастап, тау-кен жабдықтарының және "Oracle HR" жұмысының мониторингін сондай-ақ тау-кен жұмыстарының тиімділігін бағалауға дейінгі процестерді қамтиды.

DMMS жүйесінің тұсаукесері
Фото: "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС баспасөз қызметі

Осылайша өндіріске енгізілген ІТ шешімдер тау-кен және геологиялық барлау жұмысын жүргізетін қауіпті өндірістік нысандардың өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143623-onerkasiptik-kasiporyndardagy-gylymi-sheshimder-qazaqmys-ondiristing-tiimdiligi-ushin-zhanga-zhuielerdi-qalai-engizip-zhatyr/