Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы ботаникалық бағы уақытша жабылады

Жарияланған күні:

Алматы ботаникалық бағы
Алматы ботаникалық бағы. Фото: instagram.com/botsadkz

Алматы ботаникалық бағы санитарлық тазартуға байланысты бір күнге жабылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ бақтың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Ботаникалық бақ 5 тамызда жабылатынын хабарлаймыз. Аумақ жоспарлы түрде санитарлық тазартудан өтеді", - делінген хабарламада.

Ботаникалық бақ қызметкерлерінің мәліметінше, басқа күндері жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады. Ботаникалық бақ күн сайын сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді.

Кассалар 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Кассадағы техникалық үзіліс: 15:00-15:30 аралығы. (Егер айдың бірінші дүйсенбісі мереке күніне сәйкес келсе, онда санитарлық күн кейінге қалдырылуы мүмкін).

Бас ботаникалық бақтың ресми сайтындағы мәлімет бойынша, бұл бақ – өсімдік әлемін, оның ішінде жойылу қаупі бар өсімдіктерге қорғау, сақтап қалу, өндіру және пайдалану бойынша зерттеулер және ғылыми зерттемелер өткізуге арналған  табиғат қорғау және ғылыми ұйым дәрежесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

Бұл жерді бекерден "қаланың өкпесі" деп атамаған. Мұнда Қазақстанның, Еуропаның, Қырымның және Кавказдың, Солтүстік Америка мен Шығыс Азия флорасының бірнеше мыңдық бірегей топтамасы жинақталған.   

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143639-almaty-botanikalyq-bagy-uaqytsha-zhabylady/