Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келініңіз адам қағып кетті": 90 жастағы шымкенттік жалған тергеушіге жарты миллион теңгесін берген

Жарияланған күні:

Зейнеткер
Зейнеткер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкенттің 90 жастағы тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп қалып, 500 мың теңгесінен айырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Отырар" телеарнасының хабарлауынша, Шымкенттің 90 жастағы тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп қалды. Зейнеткер әйелге белгісіз тұлға қоңырау шалып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, келіні жол-көлік оқиғасына түскенін және кінәлі екенін хабарлаған. Алайда мәселені ақшамен шешуге болатынын және зейнеткерден оны курьер алып кететіндігін айтқан. Туысына көмектесу үшін қарт ана алаяқтарға барлық жинап-терген қаражатын беріп жіберген.

Іздестіру іс-шараларының барысында тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен жәбірленушінің үйінен қолма-қол ақшаны алу үшін келген тұлғаны анықтап, ұстады. Ол 33 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Өз жауабында ұсталған ер адам мессенджер арқылы алған нұсқауға сәйкес әрекет еткенін жеткізді. Алған ақшаны белгілі бір шотқа аударуға келіскен ол шартты орындамай, алаяқ "жұмыс берушісін" алдап кеткен екен.

Қазіргі таңда қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Құқық қорғаушылар азаматтарға алаяқтықтың осы түрі туралы еске салады. Алаяқтар өздерін полицейлер ретінде таныстырып, туысыңыздың қиындыққа тап болғанын хабарлауы және мәселені ақшамен шешетінін айтуы мүмкін. Полиция мұндай жағдайда бірден 102 нөміріне қоңырау шалу керектігін ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143675-keliningiz-adam-qagyp-ketti-90-zhastagy-shymkenttik-zhalgan-tergeushige-zharty-million-tenggesin-bergen/