Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңба беру тәртібі қайта қаралады

Жарияланған күні:

Egov сайты
Egov сайты. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов электрондық цифрлық қолтаңбаны беру тәртібін қайта қарау жоспары туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Біз файлдық тасымалдағышқа электрондық цифрлық қолтаңбаны беруден бас тарту мәселесін қарастырғымыз келеді", - деді Руслан Әбдіқалықов.

Спикердің айтуынша, бұл шара азаматтардың жеке деректерін қорғай алады. Бұл ретте ЭЦҚ-ның қазіргі нұсқасын бұлттыға ауыстыру ұсынылады.

"Токендер де өте сенімді... Елімізде цифрландыру басталған тұста барлық азаматты жаппай қамтуға және оларды электрондық цифрлық қолтаңбамен қамтамасыз етуге мүмкіндік берген ең қарапайым әдіс – электронды цифрлық қолтаңбаны файлдық тасымалдағышта шығару болды. Алайда бұл әдістің қазір қауіпсіздігі төмен болып тұр. Тиісінше, біз файлдық тасымалдағышта электрондық цифрлық қолтаңбаны беру процедурасын тоқтатқымыз келеді", - деп түйіндеді сөзін Руслан Әбдіқалықов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143710-qazaqstanda-elektrondyq-tsifrlyq-qoltangba-beru-tartibi-qaita-qaralady/