Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"400 тонна пияз": Түркістан облысында өнімнің алғашқы партиясы нарыққа шығарылды

Жарияланған күні:

Шардаралық кәсіпкер
Шардаралық кәсіпкер. Фото: otyrar.kz

Шардаралық кәсіпкер пияз алқабынан 400 тонна пияз алып, сатылымға шығарды. Алдағы уақытта қалған жер телімінен де мол өнім күтіп отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Отырар" телеарнасының хабарлауынша, шардаралық диқан, "Тұрар" шаруақожалығының иесі Ан Юрий Владимирович 33 гектар пияз алқабының 5 гектарынан алғашқы 400 тоннадан астам өнімін сатылымға шығарды. Аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Талғат Әлімқұлов пияз алқабына арнайы барып, жұмыстың барысымен танысты.

Оның егістік алқабында сегіз түрлі пияз тұқымдары өсіріледі. 33 гектар пияз алқабының барлығы тамшылату әдісімен суландырылады.

"Бұл тамшылату әдісімен 1 сағатта 1 метр жерге 1 литр 600 грамм су кетсе, ал жүйек (арықша) арқылы сағатына 90 литр су далаға кетіп, ысырап болады", - дейді шаруа қожалық иесі Ан Юрий.

Сонымен қатар егістік маусымында аталмыш шаруа қожалық 100-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отырады.

Кәсіпкер күзге дейін пияз алқабынан 3000 тоннаға жуық өнім алу күтіліп отырғанын айтты. Пияз өнімінің негізгісі Ресей, Беларусь елдеріне экспортталмақшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143731-turkistan-oblysynda-algashqy-400-tonna-piiaz-naryqqa-shygaryldy/