Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Демалыс күндері Қазақстанның кей өңірінде 45 градусқа дейін ыстық болады

Жарияланған күні:

Субұрқақ жанынан өтіп бара жатқан қыздар
Жаз мезгілі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алдағы үш күнде Қазақстанның көп бөлігінде жаңбыр жауады. Дегенмен кей өңірлерде күн 45 градусқа дейін ысиды деп болжанды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы демалыс күндері еліміздің көп бөлігінде фронтальды бөлімдердің әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал республиканың батыс және оңтүстік аймақтарына Еуропа аудандарынан антициклон жотасының біртіндеп енуіне байланысты күн жауын-шашынсыз болады.

Сондай-ақ еліміздің батысында күндіз ауа температурасы +41°С дейін, оңтүстік-батыста +40...+45°С дейін жоғарылайды. Қалған аумақтарда ауа температурасында күрт өзгерістер болмайды.

Еске салсақ, бұған дейін синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың мәліметінше, жаздың соңғы айында күн райы құбылмалы болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143743-demalys-kunderi-qazaqstannyng-kei-ongirinde-45-gradusqa-deiin-ystyq-bolady/