Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Олар болмаған кезде мақтадан басқа ештеңе өспейтін": Түркістан облысында 10 ұңғыма қалпына келтіріледі

Жарияланған күні:

Дренажды ұңғыма
Дренажды ұңғыма. Видеодан кадр: gov.kz

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында дренажды ұңғымаларды қалпына келтіру жоспарланып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биыл Мақтаарал ауданында 10 тік дренажды ұңғыманы қалпына келтіру жоспарда бар. Мұны Түркістан облысындағы "Қазсушар" филиалы жүзеге асырмақ. Жалпы алғанда, Мақтаарал және Жетісай аудандарында 360 ұңғыма бар. Бүгінгі таңда олардың 320-сына реконструкция жасалып, іске қосылды.

"Тік дренажды ұңғымалар негізінен сор шаю мақсатында пайдаланылады. Яғни жер астындағы тұзды суды сыртқа шығару арқылы топырақтың құнарлығын арттырамыз. Бұл өнімділікті ұлғайтуға септігін тигізеді. Алдағы уақытта өңірдегі барлық ұңғымаларды қалпына келтіріп, шаруалардың мол өнім алуына жағдай жасауға ниеттіміз", - деді Түркістан облысы бойынша "Қазсушар" филиалының тік дренажды ұңғымалардың аға инженері Әліқұрман Мырзабеков.

Тік дренажды ұңғымалардың тиімділігін жергілікті шаруалар да растап отыр. Олардың айтуынша, ұңғымалар іске қосылғалы өнімділік бірнеше есе артқан.

"Ұңғымалар жоқ кезде мына жерде мақтадан басқа ештеңе өспейтін. Оның өзінде 10-12 центнерден ғана өнім алатын едік. Соңғы жылдары шаруалар 30-40 центнерден мақта алып жатыр. Мақтадан бөлек, қауын-қарбыз, жоңышқа да өсіре бастадық", - дейді дихан Болат Омаров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143770-olar-bolmagan-kezde-maqtadan-basqa-eshtenge-ospeitin-turkistan-oblysynda-10-unggyma-qalpyna-keltiriledi/