Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халықаралық жасыл технологиялар орталығының бұрынғы төрағасы сотталды

Жарияланған күні:

Костюмдегі ер адам
Шенеунік. Көрнекі фото: pexels.com

Коммерциялық емес акционерлік қоғам басқармасының төрағасы пара алғаны, алаяқтық және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотталды. Бұл туралы Астана соттарына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының Telegram-дағы парақшасында ірі мөлшерде пара алды (ҚК 366-бабы 3-бөлігінің 3) тармағы), аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады (ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы) және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды (ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы) деп айыпталған А.-ға қатысты үкім шығарды. "А. ҚР Экология және табығи ресурстар Министрлігінің "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамдастығы басқармасының төрағасы лауазымын атқара отырып, өзіне, сондай-ақ басқарма орынбасарына, Ішкі аудит қызметінің басшысына және Корпоративтік хатшыға 2022 жылдың нәтижелері бойынша сыйақы төлеуге резервтелген сомадан 3,1 миллион теңгеден артық 8,2 млн. теңге соманы негізсіз төледі және "А." ЖШС-нің басшысы Н.-мен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін Дубай қаласында климаттық жағдайлар бойынша тараптардың 28 конференциясын өткізуге бөлінген аса іпі мөлшерде - 121 миллион теңгеден астам сомадағы "ҚазМұнайГаз" демеушілігінің ақшалай қаражатын ұрлап әкеткен, бұдан бөлек, өзінің лауазымдық жағдайын пайдалана отырып, Министрлікте пара беруші С.-ның пайдасына офсеттік бірліктерді сатуды келісу процесін жеделдету үшін өзі 35 млн. теңге сомасында пара алды (офсеттік бірлік деп көміртекті офсетті есептеу үшін қолданылатын көміртегі бірлігі түсініледі)", - делінген хабарламада.

Барлық эпизодтар бойынша сотталушы кінәсін мойындамады.

Сотталушының кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлер өкілдерінің айғақтарымен, тексеру актілерімен, жүргізілген тінту нәтижелерімен, телефондардан мәліметтерді алу хаттамаларымен, бейнежазбалармен, мамандардың қорытындыларымен, сот-филологиялық сараптама актісімен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді. Сотта прокурор айыпты қолдап, соттан бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Жәбірленушілердің өкілдері сотталушыны жауапқа тартуды және жаза туралы сұрақты соттың қарауына қалдырды.

Сотталушы мен қорғаушы-адвокаттар А.-ны оның іс-әрекеттерінде қылмыс оқиғасының болмауына байланысты ақтауды сұрады. Қылмыстық кодекстің (366-бабы 3-бөлігінің 3) тармағы 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру;

Қылмыстық кодекстің (190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру;

Қылмыстық кодекстің "361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жазаны көздейді.

Сотталушының жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде жас балалардың болуы танылды.

Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот үкімімен сотталушы А. ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігінің 3) тармағы, 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы, 361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58-бабы 3-бөлігінің талаптарына сәйкес, жазаларды ішінара қосу арқылы, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла, пара нысанасының құнын мемлекет кірісіне өндіре отырып, түпкілікті 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

"ҚазМұнайГаз"-ға келтірілген 121 миллион теңгеден астам сома залал өтелді, жасыл технологиялар орталығына келтірілген залал - 8,2 миллион теңге сомасында өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143831-halyqaralyq-zhasyl-tehnologiialar-ortalygynyng-buryngy-toragasy-sottaldy/