Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде білім гранты иегерлерінің тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды

Жарияланған күні:

Тізімді қарап жатқан жастар
ҰБТ нәтижесін қарап тұрған жастар. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстандағы білім гранты иегерлерінің тізімі қашан жарияланған күнін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Саясат Нұрбек өзінің Telegram-дағы арнасында бүгін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтағанын хабарлады.

"Грант иегерлерінің тізімі 3 тамызда жарияланады. Комиссия құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар, бiлiм саласы кәсiподақтарының, "Атамекен" ұлттық кәсiпкерлер палатасының, жоғарғы оқу орындары қауымдастығының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды. Сапалы және қажырлы қызметі үшін комиссия мүшелеріне шексіз алғысымды білдіремін!", - делінген хабарламада.

Ары қарай талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде білім беру гранттары тағайындалатын болады.

Талапкерлердің басым бөлігінің таңдауы "Педагогикалық ғылымдар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" және "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" бағыттарындағы мамандықтарға түсті.

Конкурстық ірiктеудiң қорытындысы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және Telegram арнасында 3 тамыз күні сағат 11.00-де жарияланады, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының Telegram арнасы мен студенттерге арналған ақпараттық анықтамалық портал mapp.kz сайтында орналастырылады.

Ал жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау 25 тамызда аяқталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143884-elimizde-bilim-granty-iegerlerining-tizimi-qashan-zhariialanatyny-belgili-boldy/