Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында іссапарға шыққан ауданның бас ұстазы мен партия қызметкері жол апатына түсті

Жарияланған күні:

Жедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе облысында іссапарға шыққан ауданның бас ұстазы мен партия қызметкері жол апатына түсті, деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе облысында Алға ауданық білім бөлімінің басшысы мен Amanat партиясы Алға аудандық филиалының хатшысы отырған көлік жолдан шығып кеткен.

Оқиға 1 тамыз күні сағат 12:50 шамасында тіркелді. Жағдайды Ақтөбе облыстық білім басқармасы растады.

"Алға ауданының білім бөлімінің басшысы мектептің жөндеу жұмыстарының барысын қарау мақсатында Қарабұлақ ауылдық округіне жұмыс сапарымен барған. Қайтар жолда жол апатына түскен. Қазіргі таңда ауруханада. Жағдайы қалыпты",- деді Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті оқиға кезінде жол ережесінің бұзылмағанын хабарлады. Қызметкерлер мінген Jac автокөлігі жолдан шыққан.

"Оқиға 1 тамыз күні сағат 12:50 шамасында тіркелді. Қарабұлақ-Алға жолында жүргізуші жолдан шығып кеткен. Қасында екі жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті",- деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы Amanat партиясының өкілі мен педагогтың жағдайы қалыпты екенін жеткізді.

"Көпсалалы облыстық аурухана екі адам жеткізілді. Білім бөлімінің басшысы омыртқасынан жарақат алған. Жағдайы орташа ауыр. Әзірге ота жасауды қажет етпейді. Екінші жолаушы иығынан жарақат алған. Жағдайы қалыпты", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143914-aqtobe-oblysynda-issaparga-shyqqan-audannyng-bas-ustazy-men-partiia-qyzmetkeri-zhol-apatyna-tusti/