Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте студенттердің дерегі ұрланған: министрлік бұған қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Хакер
Хакер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкент университетіндегі студенттердің жеке дерегі ұрланған болатын.Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында комитет басшысына 2GIS, "Яндекс Еда", Fonbet платформаларынан қазақстандықтардың жеке деректері қалай қолды болғаны туралы сұрақ қойылды.

"Ақпаратта айтылған "Қазақстандағы жетекші банк" 2021 жылы жабылып қалған банк болып шықты. Біз Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне хабарластық. Олар да осы мәліметті растады. Ол банк қазір заңды тұлға ретінде жоқ болғандықтан, ұйымның деректері ұрланған-ұрланбағанын тексере алмаймыз.

Шымкенттегі университеттердің біріндегі студенттердің жеке дерегінің ұрлануына келсек, біз Мемлекеттік техникалық қызметтен ресми шағым алдық. Тексеру жұмыстарын әзірлеп жатырмыз. Яғни, ол университеттің ректорына сәлем айта аламыз. Күтіңіздер, ақпараттық қауіпсіздік комитеті тексеру жүргізіп, деректердің қандай жолмен ұрланған анықтайды. Хабарлама алмасу материалдарынан аталған ЖОО әкімшілерінің бірі деректер инфрақұрылымының кілтін сатқаны көрініп тұр", - деді ол.

Бұл оқиғаның мән-жайын комитеттің әлі де зерттеп жатқаны айтылды.

"Яндекс еда" қосымшасына келсек, бір жыл бұрынғы оқиғаны қайта еске салған. Өкінішке қарай, бір жылдың ішінде бір де бір Қазақстан азаматы дерегінің ұрланғанын айтып шағымданған жоқ. Қалған деректер бойынша талдау жасалып жатыр. Ол форумдағы деректердің көлемі өте үлкен. Біздің міндет — сол ұрланған деректердің ішінде жеке деректердің бар екенін анықтау. Бұл әлемдік форум болған. Оның ішінде қазақстандықтардың, өзге де азаматтардың дерегі жүр, сеніңіздер. Соның ішінен нақты қазақстандықтардың дерегін табу керек. Соның негізінде деректің қолды болуына жол бергендер жазаланады. Ал дерегі ұрланған азаматтардың кім екені анықталса, электронды үкімет арқылы әрқайсысына хабар жібереміз", - деді Руслан Әбдіқалықов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143918-shymkentte-studentterding-deregi-urlangan-ministrlik-bugan-qatysty-pikir-bildirdi/