Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде 2-3 балдық жер сілкінісі тіркелді

Жарияланған күні:

Жер сілкінісі. Фото
Жер сілкінісі. Фото: Petrovich9/Getty Images

2 тамызда Қазақстанның шығысында жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпуін Өскемен тұрғындары сезді деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ҚР Төтенше жағдай министрлігі "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің хабарлауынша, 2 тамыз Астана уақытымен 23:15-те жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан 859 км солтүстік-шығысқа қарай Қазақстан аумағында болған (ШҚО, Үлкен Нарын ауданы, Үлкен Нарын елді мекені, 70 км, Өскеменнен 224 км).

Эпицентр координаталары 48.665º с.е. 84.840º ш.б. Тереңдігі 10 км.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісі 2-3 баллды құрайды.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143971-oskemen-turgyndary-2-3-baldyq-zher-silkinisin-sezdi/