Алматыда бүгіннен бастап қоғамдық көлікте жол жүру ақысы 120 теңге болды
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттады. Бүгіннен бастап жолақы құны 100 теңге емес, 120 теңге болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.
"3 тамыздан бастап қоғамдық көлікте жол жүру құны 120 теңге болады.
Қауіпсіздікті арттыру үшін қолма-қол ақшамен төлеу алынып тасталады: жүргізуші ақша жинауға алаңдамайды", - делінген әкімдік хабарламасында.
Әкімдік өкілдіернің мәліметінше, жолаушылардың 97 пайыздан астамы қолма-қол ақшасыз төлем жасайды.
Төлем әдістері:
- Көлік картасы (Onay филиалында және 115 пунктте қолжетімді).
- Ұялы телефоннан SMS жіберу арқылы.
- Мобильді қосымша.
Жүргізушілердің заң бұзуын тіркеу үшін бірыңғай бақылау қызметін құру туралы мәселе қарастырылып жатыр.
Жол жүру билеттерінің құны:
- Айлық — 9 900 теңге.
- Студенттік — 4 200 теңге.
- Мектеп — 2 000 теңге.
- Зейнетақы — 3 000 теңге.
ҰОС қатысушылары, 75 жастан асқан зейнеткерлер, 1, 2-ші топтағы мүгедектер, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар, саяси қуғын-сүргін құрбандары мен басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери қимылдардың ардагерлері т. б. үшін тегін жол жүру. Студенттер, зейнеткерлер, көпбалалы аналар мен мүгедек балалармен бірге жүретіндерге 50 пайыз жеңілдік.
Қалалық мобилділік басқармасы тегін ауысып отыруға мүмкіндік беретін жол жүру билеттерінің жаңа нұсқасын әзірлеп жатыр.
Айта кетейік, 1 тамыздан бастап Астанада жол жүру құны көтерілді. Елордада бұрын жолақы 90 теңге болса, тамыз айынан бастап тұрғындар қоғамдық көлікпен жүру үшін 110 теңге төлейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2144010-almatyda-buginnen-bastap-qogamdyq-kolikte-zhol-zhuru-aqysy-120-tengge-boldy/