Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оттегі жетіспеушілігінен": Атырау маңында тағы да балық қырылып қалды

Жарияланған күні:

Атырау маңындағы каналдан табылдған балық өлекселері
Атырау маңындағы каналдан табылдған балық өлекселері. Фото: Жайық-Каспий Облысаралық Ббши

Атыраудың маңындағы каналда балық өлексесі табылды. Қырылған балықтың салмағы шамамен 70 килограмм, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына сілтеме жасап.

2 тамызда Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Атырау қаласы Еркінқала ауылының маңындағы көктемгі су тасқыны кезінде бөлінген су арнасында балықтардың қырылғаны туралы ақпаратты анықтады.

"Черная речкa"арнасы арқылы аталған су арнасына балықтар сумен бірге құйылған.

Аталған аймаққа келгеннен кейін балық қырылуы туралы ақпарат расталды.

"Су арнасындағы су температурасының деңгейі 29 градус, оттегі мөлшері 2 мл/дм³. Балықтың жалпы салмағы 69,5 кг. Экология департаменті зертханалық зерттеулер үшін су сынамалары алынды. Балықтардың денесі қатты ыдырауына байланысты сынама алу мүмкін болмады", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, балықтардың болжамды қырылуы судағы оттегі мөлшері жетіспеушілігінен.

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, санитарлық нормаларды сақтай отырып, қырылған балықты жинау бойынша жұмыстар жүргізілді. Мамандардың сөзінше, балықтың қырылуы оттегінің концентрациясы 4 мл/дм3-тен төмен болған кезде болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2144034-ottegi-zhetispeushiliginen-atyraudyng-mangynda-tagy-da-balyq-qyrylyp-qaldy/