Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баянауылда ұлттық парк қызметкерлері демалушыларға аумақта қарақұрт барын ескертті

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ескерту тақтасы
Ескерту тақтасы. Фото: instagram.com/bayangnpp

Торайғыр көлі маңындағы Баянауыл ұлттық саябағында улы қарақұрт табылды. Мамандар қарақұртты жою жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды "Павлодар-Онлайн" басылымы.

"Баянауыл ұлттық табиғи саябағы өкілдері аумақта қарақұрттар бар екенін мәлім етті. Қарақүрттың шағуы улы екені ескертілді. Тұрғындар, барлық демалушыға ақпарат беру мақсатында аумақта ескерту тақтасы қойылды", - деді ұлттық парк әкімшілігі басылымға берген мәліметінде.

Басылым мәліметінше, мамандар күн сайын өрмекшілерді жою жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Қалыптасқан жағдайға байланысты ұлттық парк басшылығы облыстық денсаулық сақтау басқармасына қоймада қарақұрт шағуына қарсы дәрі-дәрмектің болуы қажеттігін ескертті, деп жазды басылым авторлары.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 1985 жылы 12 тамызда құрылды. Бұл еліміздің аумағында құрылған ең алғашқы ұлттық парк.

Жалпы ауданы 68452,8 га құрайды, оның ішінде орманмен жабылғаны 19076га-ға тең. Басқа ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қарағанда мұнда табиғи ескерткіштер көптеп кездеседі. Парк аумағында 24 археологиялық табиғи ескеркіштер орналасқан - Драверт үңгірі, құмыра, тастағы көне жазулар, саймантас (үш тас), көгершінтас, атбасы тасы, найзатас жартасы.

Әйгілі 4 көл-Торайғыр, Біржанкөл, Сабындыкөл және Жасыбай осы парк аумағында орналасқан. Ұлттық паркте 14 туристік бағыт бар. Бұл маршруттарда демалушыларға барлық жағдай жасалған-арнайы демалатын орын, бақылау алаңы жабдықталған. Туристік маусымда шамамен 107 мың адам ұлттық паркке келеді. Баянауыл МҰТП аумағында 552 өсімдік түрлері бар. Оның бесеуі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген-көктем жанаргүл, ашық қындызшөп, қызғалдақ, қара қандыағаш, боз селеу.

Мұнда жануарлардың 45, құстардың 11, балықтардың 13 түрі бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2144061-baianauylda-ulttyq-parki-okilderi-demalushylarga-aumaqta-qaraqurt-baryn-eskertti/