Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шлагбаумдар жұмыс істемейді: Алматы әуежайының әкімшілігі жолаушыларға үндеу жасады

Жарияланған күні:

Кіреберіс тірегі. Фото
Кіреберіс тірегі. Фото: Алматы әуежайы

Алматы әуежайында бірнеше шлагбаум жұмыс істемейді. Негізгі кіреберіс пен шығаберісте тұрақ жабдықтарын ауыстыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"2 тамыздан бастап Майлин көшесі жағынан әуежайдың негізгі кіреберісі мен шығаберісіндегі тұрақ жабдықтарын ауыстыру жұмыстары басталды. №1 және №2 кіру тіректері (шлагбаумдар), сондай-ақ №10 және №11 шығу тіректері уақытша жабылады", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Алматы әуежайының жаңа терминалы. Фото
Алматы әуежайының жаңа терминалы. Фото: t.me/PR_AirAstana

Әуежай өкілдері жұмысты 2024 жылдың қыркүйегінде аяқтау жоспарланып отырғанын қосты.

"Осыған байланысты жолаушылардан әуежайға алдын ала келулерін сұраймыз, уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2144584-shlagbaumdar-zhumys-istemeidi-almaty-auezhaiynyng-akimshiligi-zholaushylarga-undeu-zhasady/