Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұршақ, найзағай, 45 градус ыстық": алдағы күндері ел аумағында ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

Жазда
Жаз мезгілі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 6-8 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандардың мәліметінше, алдағы үш күнде ел аумағының көп бөлігіне циклон әсер етеді. Нәтижесінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, қатты жел соғып, бұршақ жауады.

6-8 тамызда батыста және солтүстік-батыста, 7-8 тамызда солтүстікте кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша жел күшейеді деп болжанып отыр.

Еліміздің оңтүстігінде күндізгі уақытта +38...+45°С дейін қатты ыстық болады. Ал республиканың қалған аумағында температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2144601-burshaq-naizagai-45-gradus-ystyq-aldagy-kunderi-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/